
Осыған байланысты қызметтік этика нормаларын сақтау, тәртіпті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтің беделін төмендетуі мүмкін іс-әрекеттердің алдын алу ерекше мәнге ие болады. Міне, осы мәселелер Бурабай ауданы аумағындағы кездесудің басты тақырыбы болды.
Сол кездесуде Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің этика жөніндегі уәкілі Сауле Садвакасова аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлерімен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шара барысында қызметтік этика нормаларын сақтау және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қызметтік тәртіпті, моральдық-этикалық нормаларды сақтау және қызметкерлердің жұмыс уақытында да, жұмыс уақытынан тыс уақытта да жауапкершілігіне айрықша көңіл бөлінді.
Сауле Садвакасова әрбір мемлекеттік қызметші, атқаратын лауазымына қарамастан, қоғам тарапынан мемлекеттік қызметкерлерге берілген жоғары сенімді түсінуі тиіс екенін атап өтті. Бұл қызметтік қызметте де, одан тыс уақытта да мінсіз әрі кәсіби мінез-құлықты талап етеді.
Сонымен қатар, кездесуде қызметкерлердің мас күйінде, сондай-ақ есірткі немесе улы заттардың әсерінде болуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі де қаралды. Этика уәкілі мұндай құқық бұзушылықтардың мүлдем қабылданбайтынын және қызметтік мінез-құлық нормаларына қайшы келетінін ескертті.
Кездесудің соңында Сауле Садвакасова ұжымға адал еңбек еткені үшін алғысын білдіріп, санитарлияық-эпидемиологиялық қызметтің оң имиджін қалыптастыру әр маманның жеке жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1014603?lang=kk
Жауап қалдыру