Павлодар облысының прокуратурасында “Салық және кеден даулары бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысының прокуратурасында “Салық және кеден даулары бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, прокуратура қызметкерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) қызметкерлері қатысты.

 

Кездесудің негізгі мақсаты – салық және кеден органдарымен даулар туындаған кезде бизнес құқықтарын қорғаудың практикалық тетіктерін талқылау, негізгі проблемаларды анықтау, сондай-ақ шағымдану рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

 

Іс-шараға Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының (МАӘС) судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ прокуратура қызметкерлері қатысты.

 

МКД заң басқармасының басшысы Әсем Дүйсембекова осы саладағы дауларды қарау кезінде туындайтын негізгі проблемаларды атап өтті. Баяндамада әкімшілік актілерді шығару кезінде кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибе алмасты, кәсіпкерлердің қадағалау органдарымен өзара іс-қимыл кезінде кездесетін мәселелерін талқылады.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар шағымдану тетігінің тиімділігін арттыруға, құқықтық мәдениетті күшейтуге және уәкілетті органдар тарапынан бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірқатар ұсыныстар тұжырымдады.

 

Қатысушылар бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы диалогтың маңыздылығын атап өтіп, осындай іс-шараларды жалғастыруға қызығушылық білдірді.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1014863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді