Павлодарда самбо күресінен жарыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Динамо» спорт кешенінде Павлодар облысы ПД қызметкерлері арасында самбо күресінен іріктеу жарыстары өтті. Жарысқа 60 спортшы қатысты. Іс-шара “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына арналған.

Самбо – көптеген ұлттық күрес түрлерінің синтезі болып табылатын, әлемдік жауынгерлік өнер мәдениетінің озық үлгілерін біріктірген, қазіргі заманғы әскери және құқық қорғау саласындағы қызметке дайындықтың тиімді түрі.

Жарыстың ашылу салтанатында Павлодар облысы ПД арнайы және мобилизациялық даярлық басқармасының бастығы Ерік Төлегенов сөз сөйлеп, мұндай жарыстар полиция қызметкерлеріне спорттық шеберліктері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Ол қатысушыларға сәттілік пен әділ күрес тіледі.

Қызу қолдау көрсеткен жанкүйерлер спортшыларды алға жетелеп, оларды жеңіске жетуге шабыттандырды. Төрешілердің пікірінше, самбошылардың дайындығы жоғары деңгейде болды.

Қызу тартыс нәтижесінде өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанғандар: Құдайбергенов Медет, Баймағамбетов Данияр, Ерғабулов Алмас, Қайырбеков Ануарбек, Шалабанов Имарат, Жайлаубай Есенбек, Мұхтар Ансар, Ыдырышев Қанағат, Әбілғазов Берік, Құдырқұлов Мейірбек.

Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды Павлодар қ. ПБ командасы иеленсе, екінші орын Ақсу қ. ПБ командасына бұйырды, ал үздік үштікті Успен ауданының полиция бөлімі түйіндеді.

Жарыс соңында жеңімпаздарға естелік сыйлықтар, грамоталар, медальдар мен кубоктар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1014380?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді