
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері күн сайын қоршаған ортаны абаттандыру ережелерінің бұзылуын, қоғамдық орындарды ластауды алдын алу бойынша шаралар жүргізуде.
Іс-шараның мақсаты — кез келген құқықбұзушылыққа қоғамда «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру. Күн сайын рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарға рейдтер ұйымдастырылып, белгіленбеген жерлерге қоқыс пен ағынды су төгетін тұлғаларды анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
– Акция басталғалы бері полицейлер абаттандыру ережелерін бұзу, қоқысты заңсыз төгу, қоғамдық орындарды ластау және басқа да құқықбұзушылықтардың шамамен 12 мыңға жуық дерегін анықтады. 25 рұқсат етілмеген қоқыс орны тіркеліп, уәкілетті органдарға ұсыныстар жолданды. Соның нәтижесінде 16 қоқыс үйіндісі жойылды,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментдеп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.
Мысалы, Павлодарское ауылында ер адам күлді үйінің сырт жағына жинаған. Бұл — абаттандыру ережелерін бұзу болып табылады. Учаскелік полиция инспекторлары азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізіп, алдағы уақытта мұндай құқықбұзушылықтарға жол бермеу туралы түсіндірді.
Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын бейжай болмауға, акцияға белсенді қатысып,қаламыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға шақырады. Егер сіз белгіленбеген жерлерге қоқыс, құрылыс қалдықтары немесе басқа да қалдықтардың төгілгенін көрсеңіз, бұл туралы дереу «102» арнасына хабарлаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1014403?lang=kk
Жауап қалдыру