
2025 жылғы 9-10 маусым түнінде Алматы облысының ТЖД қызметкерлері полиция, прокуратура және көлік инспекциясының өкілдерімен бірлесе отырып, Қапшағай су қоймасының қалалық коммуналдық жағажайларында түнгі рейд
9-10 маусым 2025 жылы Алматы облысының ТЖД қызметкерлері полиция, прокуратура және көлік инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, Қапшағай су қоймасының қалалық коммуналдық жағажайларында түнгі рейд өткізді.
Рейдтік іс-шаралар барысында су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзған азаматтар анықталды, атап айтқанда — түнгі уақытта шомылғандар. Рейдтік шаралар кезінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 412-бабына сәйкес 6 әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы айыппұл сомасы 82 572 теңгені құрады.
Рейдтік іс-шаралардан кейін жағажай аумағында демалушылар қалмады, бұзушылар қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етіліп, су айдынынан кетті.
Айта кету керек, бұл шараларда дыбыс шығару және жылу суретін анықтау үшін орнатылған бейнебақылау және тепловизор бар ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданылды.
Олардың көмегімен:
- Қараңғыда шомылып жатқан адамдар анықталды.
- Демалушыларға қауіпсіздік шаралары туралы нақты уақыт режимінде хабарламалар берілді.
Алматы облысының ТЖД-і ескертеді: түнгі уақытта шомылу қауіпті әрі заңмен тыйым салынған. Қауіпсіздік ережелерін сақтау — өміріңіз бен денсаулығыңыздың кепілі.
Алматы облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1014573?lang=kk

Жауап қалдыру