
Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқтарды заңсыз айналымнан алу бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде. 2-6 маусым аралығында елімізде республикалық “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Нәтижесінде:
- заңсыз айналымнан 400 қару, сонымен қатар 2,5 мыңнан астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды;
- 40 қару қоймасы анықталды;
- қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді, оның ішінде екі Калашников автоматы, төрт тапанша, төрт мылтық, қызметтік бронежилеттер, каскалар мен щиттар бар;
- азаматтар тарапынан 87 қару өз еркімен тапсырылды.
– 29 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 845 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері 10 мыңнан астам шаруа қожалықтарын тексеріп, әртүрлі 65 қару тәркіледі, – деді ІІМ криминалдық полиция департаменті бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1014434?lang=kk

Жауап қалдыру