
Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің, салалық мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың, бизнес құрылымдардың және халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.
Конгресс аясында бағалы металдармен зергерлік бұйымдардың көлеңкелі айналымы мәселелері, сондай-ақ саланың ашықтығы мен тұрақтылығын арттыру жолдары талқыланды.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі зергерлік саладағы жүйелі проблемалар мен олардың ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жүйесіне әсері туралы баяндама жасады.
Бүгінгі таңда саланы дамыту стратегиясы әзірленіп, цифрландыру мен бақылауды күшейтуге басымдық берілген заңнамалық ұсыныстар дайындалуда.
Конгресс қорытындысы бойынша Қазақстан зергерлер лигасы және Еуразиялық экономикалық одақ зергерлер қауымдастығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Бұл саланы көлеңкеден шығару бойынша тұрақты диалог пен бірлескен жұмыстың негізін қалыптастырады.
Агенттік зергерлік нарық өкілдерімен ашық әрі конструктивті ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдіреді. Бұл жұмыс адал әрі орнықты іскерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Саланы реформалау жұмысы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесе отырып жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1014345?lang=kk
Жауап қалдыру