Қазақстанның ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарлануда.

Туризм және спорт министрінің айтуынша заңсыз такси қызметтері – кең таралған мәселе. Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет.

Сондай-ақ ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады.

@KZgovernment

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/press/news/details/1014528?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді