
“Қоянбай” шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері “Таза Қазақстан” бағдарламасына үлес қосты “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасы аясында Ерназар ауылдық округіне қарасты елді мекендерде экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шараға Қоянбай ауылының тұрғындары, “Қоянбай” шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері және “Қоянбай орта мектебі” КММ-нің ұжымы белсене қатысты. Акция барысында ауыл ішіндегі қоршауларды дәнекерлеу, балалар ойын алаңын қоқыстардан тазарту және санитарлық аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар ауылдың тазалығы мен көркіне оң әсер етіп қана қоймай, тұрғындар арасында қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті нығайтты. Шара барысында әскери қызметшілердің белсенділігі мен ұйымдасқан жұмысы ерекше атап өтілді. Ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымы да бірлесе еңбек етіп, ауыл тазалығына өз үлестерін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-besqaraqai-ernazar/press/news/details/1014784?lang=kk
Жауап қалдыру