Рәміздер күні – елдік пен бірліктің нышаны!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️4 маусым күні Қарақия ауданында еліміздің басты құндылықтарының бірі – Мемлекеттік Рәміздер күніне орай ерекше мерекелік шара өтті. Елдігіміздің айқын белгісіне айналған көк ту, елтаңба мен әнұранға деген құрмет аясында өткен бұл жиын аудан жұртшылығына рухани серпіліс сыйлады.

4 маусым – барша қазақстандықтар үшін аса маңызды күн. Бұл – Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік рәміздері күні. Сіздерді осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік рәміздер – әрбір тәуелсіз мемлекеттің егемендігін білдіретін басты нышандары. Біздің көк Туымыз, еңселі Елтаңбамызбен жүрекке рух беретін Әнұранымыз – еліміздің біртұтастығын, халқымыздың өткенін, бүгіні мен болашағын бейнелейтін аса қастерлі құндылықтар. Осы мерекелі күнде ел болашағы үшін қызмет етіп жүрген баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бірлік пен береке тілеймін. Қазақстанымыз мәңгі жасасын!Туымыз көкте желбіреп, елдігіміздің нышаны – рәміздеріміз әрдайым ардақтала берсін,- деді аудан басшысы Сымбат Төретаев.

⚜️Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы, полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары, №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, әскери қызметкерлер, полиция және өрт сөндіру бөлімінің мамандары, сонымен қатар, «Жасыл ел» жастар жасағының белсенділері қатысты.

⚜️Шара барысында еңбекке адал, кәсібіне берік аудан азаматтары «Жұмысшы мамандық иелері» бағыты бойынша арнайы марапаттарға ие болды. Бұл – еңбек адамдарын дәріптеп, олардың ел дамуына қосқан үлесін бағалаудың жарқын үлгісі болды.

⚜️Салтанатты жиын аудан өнерпаздарының жүрек тебірентер патриоттық әндерімен жалғасып, қатысушыларға ерекше рух пен мақтаныш сыйлады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1012856?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді