
Ағымдағы жылдың 10 маусымында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының Райымбек аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімшесінің қызметкерлерінің қатысуымен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша техникалық сабақ өтті.
Техникалық сабақ барысында зейнетақы төлемдерін және жәрдемақыларды тағайындауға ұсынылатын құжаттардың шынайлығына және толықтығына қабылдау, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдерді сақтау мәселелері және қайта рәсімдеуге қайтарудың негізгі себептері талқыланды.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта кері қайтаруларды болдырмау мақсатында фронт және бэк офис мамандарына қолданыстағы заңнама аясында құжаттарды қабылдау қажеттілігі түсіндірілді.
Техникалық сабақ соңында спикерлермен зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мамандар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1014856?lang=kk
Жауап қалдыру