Сайрам ауданында жедел-тактикалық жаттығу өткізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 маусымында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Сайрам аудандық жедел штабымен, жедел-тактикалық жаттығу өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.

Осыған байланысты, азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын бұлжытпай орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпаратты басшылыққа алып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеулеріңізді сұраймыз.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі

Сайрам аудандық жедел штабы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1014369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді