
Бүгін Сарыағаш ауданы әкімдігінің және аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп әділеттіліктің негізі» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға құзырлы орган, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, білім беру ордаларының қызметкерлері, жастар және ата-аналар қатысты.
Кездесу барысында спикерлер тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. Оған қоса, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп,аудандық мәдениет үйінің өнерпездарының дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Айта кетсек,жиынның мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігі, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, жазғы демалысты тиімді пайдалану, қылмыс пен құққық бұзушылықа жол бермеу және суға шомылу маусымындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1014927?lang=kk

Жауап қалдыру