САРЫАҒАШТА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Ауыл тұрғындарының рухани өмірінің орталығына айналатын әлеуметтік маңызы бар нысандардың бірі –мәдениет үйі және кітапаханалар. Сарыағаш ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандардың саны жыл сайын артуда.Солардың бірі Жылға ауылдық округінде бой көтеруде. Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаевтың Жылға ауылдық округіне жұмыс сапары барысында 75 орындық мәдениет үйімен кітапхананың құрылыс жұмыстарының жай-күйін бақылап, мердігермен кездесті.
 
Шеңгелді елді мекеніндегі мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысын жүргізуші мердігер «Асар строй групп» тарапынан нысанның іргетасын құю жұмыстары аяқталып, кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, нысанның сыртқы қоршалып, бүгінде сыртқы инженерлік желілерді жүргізуге дайындық жұмыстары атқарылуда. Жалпы құрылыс алаңында 10 адам жұмыс жүргізуде.
 
Арман Абдуллаев атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылай отырып, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануды, халық игілігіне жоспарланған мерзімінде пайдалануға беруді тапсырды.
 
Сонымен қатар, аудан басшысы жұмыс жоспарына сәйкес «Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының» ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын пысықтап, салаға жауапты басшыларға жұмыс қарқынын күшейтуді, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
 
Сарыағаш ауданы әкімі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер “Шамар Group” ЖШС-і. Бүгінде ғимараттың бірінші қабатына жұмыстары жүргізілуде.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1014944?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді