Шығыс Қазақстанда 55 шақырым суару каналы тазартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Вегетациялық кезеңге дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы 55 шақырым суару каналын тазартты. Атап айтқанда, Ақжар учаскесінде 8 шақырым, Зайсан учаскесінде 9,3 шақырым, Күршім учаскесінде 37,7 шақырым канал тазартылды.

Алдағы уақытта тағы 30 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр.

«Шығыс Қазақстан облысында биыл вегетация маусымы 10 күнге ерте басталды. Қазіргі уақытта облыста суару кезеңі белсенді фазасы жүріп жатыр. Бүгінгі күнге шаруалармен суармалы су беру жөнінде 290 келісімшарт жасалды»,– деді Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1014735?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді