
Астана қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілінің қатысуымен мазмұнды семинар өтті.
Іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың маңызды талаптары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған кезде қолданылатын нақты іс-қимылдар және бұзушылықтардың құқықтық салдары жан-жақты түсіндірілді. Агенттік өкілі күнделікті жұмыс барысында жемқорлыққа жол бермеудің практикалық қырларын көрсетіп, заң бұзушылықтарды болдырмау жолдарын ұсынды.
Департамент басшылығы мұндай шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа мүлде төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруға ықпал етеді деп атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1014548?lang=kk
Жауап қалдыру