ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ – СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Көкшетау қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында шахматтан VII республикалық спартакиада өтті. Ауқымды додаға Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар еліміздің 16 облысынан 100-ге жуық спортшы қатысты. Бұл сайыс ерекше жандардың спорттағы ерік-жігері мен қайсар рухын танытатын маңызды алаңға айналды.
✔️Жарыс жекелей және командалық форматта ұйымдастырылды. Түркістан облысының намысын Арыс қаласының танымал шахмат шебері, білікті жаттықтырушы Асатулла Супбаев, Түркістан қаласынан Қуанышбек Жұмаділдаев және Кентау қаласынан Әсел Амангелді қорғады.
✔️Жерлестеріміз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, командалық есепте І орынды иеленіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.
✔️Бұл табыс – спортшылардың табанды еңбегі мен жүйелі дайындығының жемісі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1014658?lang=kk