
2025 жылдың 13-17 мамыр күндері елордада 7-8 сынып оқушы қыздары арасындағы «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өтті. Финалға еліміздің барлық өңірлері мен республикалық маңызы бар қалаларынан іріктелген 16 үздік мектеп командасы қатысты.
Турнирге 200-ден астам жас футболшы қыз қатысып, алаңда өз шеберліктері мен жеңіске деген құлшыныстарын көрсетті. Бұл дода жас спортшылар үшін тәжірибе алмасуға және өз мүмкіндіктерін паш етуге тамаша мүмкіндік болды. Абай облысы атынан Жаңасемей ауданы Приречный ауылының 7-8 сынып оқушы қыздары қатысты.
Турнир нәтижесінде командалар келесідей
орындарға ие болды:
1-орын – Атырау облысы
2-орын – Түркістан облысы
3-орын – Ақтөбе облысы
4-орын – Жамбыл облысы
5-орын – Абай облысы
6-орын – Қызылорда облысы
7-орын – Алматы облысы
8-орын – Жетісу облысы
9-орын – Павлодар облысы
10-орын – Маңғыстау облысы
11-орын – Қостанай облысы
12-орын – Батыс Қазақстан облысы
13-орын – Қарағанды облысы
14-орын – Астана қаласы
15-орын Алматы қаласы
16-орын — Шымкент каласы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-prirechnyi/press/news/details/1014374?lang=kk
Жауап қалдыру