
Бүгін Біржан Қайырғалиұлы Куаналиевтің төрағалығымен Жәнібек аудандық мәслихатының «Әлеуметтік – экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясымен «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының ағымдағы жылғы кезекті бірлескен отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Ж.Ахметов, аудандық мәслихат төрағасы Т.Кадимов, «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Ихсанов, екі тұрақты комиссия мүшелері, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Сариев, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының м.у.а. А.Жапақов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Н.Уалиева, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Жәнібек аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №29-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, аудандық бюджетте келесі мәселелерге қаражат қарастырылды:
Күйгенкөл ауылдық округі бойынша Үштамақ бөгетінің техникалық төлқұжат жасауға;
Тау ауылдық округі бойынша электржарығы жаңадан жүргізілген көщелердің электр энергиясын төлеуге;
Ақоба ауылдық округі бойынша су құбырының жұмысын жүргізуге;
Қамысты ауылдық округі бойынша мемлекеттік мекеменің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарына;
Талов ауылдық округі бойынша су тазалағыш насосын ауыстыру (Майтүбек елді мекені);
«Ақ бидай» облыстық VIII ауыл спорт ойындарын ұұымдастыруға;
Жәнібек ауылдық округі бойынша «Жасыл ел бағдарламасына;
Жәнібек ауылында 10 автотұрақ жасауға;
Жәнібек ауылындағы Иманов және Өтемісов көшелерінің қиылысында бағдаршам орнату жұмыстарына;
Борсы, Тегісшіл, Жасқайрат ауылдарына кітапханалар сатып алуға;
Жәнібек ауылындағы архив құрылысына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізе отырып, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізуге;
Ақоба, Жәнібек және Жақсыбай (Ақоба – көлік жуу, мал бордақылау алаңы, Жақсыбай – мал сою алаңы, Жәнібек – ғимараттармен құрылыстарға қызмет көрсету үшін) ауылдары тұрғындарының сұранысы бойынша кәсіпкерлік мақсатында жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын жасақтауға;
Сондай-ақ ауданның аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резервіне қаражат қарастырылды.
Күн тәртібіндегі мәселе толықтай талқыланып, бекіту үшін алдағы сессияның күн тәртібіне жолданды. Кейін Жәнібек аудандық мәслихатының кезектен тыс 34-ші сессиясы өтіп, тұрақты комиссиялардың күн тәртібіндегі мәселесінің маңыздылығы ескеріліп, депутаттар тарапынан қолдау тауып, бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhanibek-maslihat/press/news/details/1014683?lang=kk
Жауап қалдыру