
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының бастамасымен жергілікті тауарөндірушілер өнімін ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған өндірістік тур аясында «ТНК Казхром» АҚ, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ және «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС ірі кәсіпорындардың өкілдері жергілікті тауарөндірушілердің өндірістік алаңдарында болды.
Өндірістік тур барысында ірі компаниялардың өкілдері қағаз өнімдерін өндірумен айналысатын «Гектор Медсервис» ЖШС мен металл жиһазын шығаратын «Ferrom» ЖШС-нің қызметімен танысты. Кездесу нәтижесінде «ТНК Казхром» АҚ «Гектор Медсервис» ЖШС өнімдеріне қызығушылық танытып, алдағы уақытта екі тарап ынтымақтастық орнату жөнінде уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-industiya-innovatsiya/press/news/details/1014439?lang=kk

Жауап қалдыру