Жерлестеріміз «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңгірбай би ауылына қарасты «Атамекен» шаруақожалығының жетекшісі Әбілмансұрова Гүлнәр мен Саржал ауылындағы «Ақылбек» шаруа қожалығының шопаны Манарбек Қағазбекұлы Мал шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған республикалық салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров арнайы қатысып, мал шаруашылығы саласының ел экономикасындағы маңызы ерекше екенін атап өтті. Сала қызметкерлерінің табанды еңбегі мен үлесі жоғары бағаланды.

Әбілмансұрова Гүлнәр – 1943 жылғы 22 шілде Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылдық округінде дүниеге келген. 25 жыл бойы «Атамекен» шаруақожалығына жетекшілік етуде.

Манарбек Шахманов – 1962 жылы Саржал ауылында дүниеге келген. 1980-1982 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауғанстандағы соғысқа қатысып, ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Мал шаруашылығы саласында 42 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2015 жылдан бастап Саржал ауылындағы «Ақылбек» шаруа қожалығында шопан болып жұмыс істеп, бүгінде 1500-ден астам қой бағып отыр. Жыл сайын төл алу көрсеткіші — 100 пайыз.

Өз істеріне адалдығы, ұқыптылығы мен еңбекқорлығы арқасында ауылдастары арасында зор құрметке ие.

Жерлестерімізді атаулы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге мол табыс тілейміз! Еңбектің еленуі — бүкіл өңіріміз үшін үлкен мәртебе.

Абай елінің сіздердей ардақты азаматтары — жастарға үлгі, елге мақтаныш!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/1014607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді