🎙 «27 жылдық еңбек жолы: мамандыққа адалдық»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
📌 Молдағалиева Нүргүл Қамзанқызы — СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аса қауіпті инфекциялар мен туберкулезге қарсы бақылау бөлімінің жетекші маманы.
Санитариялық қызмет саласында 27 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
👩‍⚕️ Павлодар медициналық училищесін санитариялық фельдшер мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін, өз еңбек жолын Есіл ауданы, Корнеевка ауылында санитариялық дәрігердің көмекшісі ретінде бастаған.
💬 «Маған бұл жерде жұмыс істеу өте ұнайды. Бұл — жай ғана мамандық емес, бұл — менің таңдауым, өмірлік миссиям. Адамдардың денсаулығын қорғауға үлес қосып, өз ісіне берілген нағыз мамандармен бірге жұмыс істеп жүргеніме мақтанамын», — дейді Нүргүл Қамзанқызы.
🏅 Көпжылдық адал еңбегі үшін Нүргүл Қамзанқызы Комитет пен Департаменттің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.
🩺 Медицина қызметкерлері күніне арналған Нүргүл Қамзанқызының құттықтауы:
«Кәсіби мерекемен барша әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын!
Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағалансын.
Өмірлеріңіз бақытқа, шаттыққа, жылулыққа толы болсын».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1015226?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді