Атмосфералық ауаның ластануы адам денсаулығына әсер ететін маңызды экологиялық факторлардың бірі болып табылады. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында атмосфералық ауаның жағдайы тұрақты бақылауға алынған.
Облыс бойынша атмосфералық ауаға ұйымдастырылған шығарындылар шығаратын 59 нысан бақылауда. Барлық көздерден атмосфералық ауаға 27 ластаушы зат шығарылады, олардың ішіндегі 9-ы қауіптіліктің 1-2-ші сыныбындағы заттар.
Атмосфералық ауа сынамаларын алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидалары шеңберінде қаланың магистральдық көшелерінде, қоныстану және өнеркәсіптік аймақтарында және облыстың барлық аудандарында жүзеге асырылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және орындалатын іс-шаралардың тиімділігін бағалау санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесі құжаттарының (санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер, әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар) талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.
2025 жылдың 4 айында атмосфералық ауаның 9655 сынамасы іріктеліп алынды, оның ішінде 16 ауа сынамасында шекті рұқсат етілген концентрациядан асу анықталды.
Анықталған шекті рұқсат етілген концентрациядан асу бойынша тиісті органдарға ұсыныс хаттар жіберілді.
Атмосфералық ауа сынамаларын алу мониторингі санитарлық қызметтің тұрақты бақылауында және жалғасуда.
Жауап қалдыру