Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай статистика департаментінде ақпараттық сағат өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуы қарсаңында Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде “Абай – адамзаттың рухани әлемі” атты іс-шара өтті.

Қызметкерлер ұлы ақын мен ойшылдың өмірі мен мұрасы туралы көбірек білді, оның моральдық-философиялық ой мен мәдениетке қосқан үлесін талқылады. “Қара сөздерге” ерекше назар аударылды.

Кездесу Абайдың қара сөздері бойынша LearningApps платформасындағы интерактивті диктантпен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1015190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді