Әлжан ана ауылындағы саябақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Туған жердің гүлденуі – әр азаматтың жүрек түкпіріндегі тілек. Бүгінде бұл тілектің шынайы көрінісі Әлжан ана ауылында жүзеге асып жатыр. Ауыл тұрғындарының тынығуына арналған саябақта ауқымды жөндеу жұмыстары қолға алынып, елді мекеннің ажарына ажар қосылуда.

Мәдени демалыс орны ретінде қайта жаңғыртылып жатқан саябақтың аумағы  2 гектар. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ескі ағаштар кесіліп, орнына жаңа жасыл желек егу жоспарланған. Су жүйесі тартылып, демалушылардың жайлылығы үшін арнайы тротуарлар төселуде. Жалпы ұзындығы 900 метрге жуық тротуар құрылысына 23 385 000 теңге қарастырылған. Оның ішінде 7 500 000 теңгесі су жүйесін орнатуға жұмсалды.

Ауыл әкімінің айтуынша, саябақ аумағын жарықтандыру жұмыстары ауыл жастарының қолдауымен жүзеге асады. Бұл – жергілікті жастардың белсенділігі мен туған ауылына деген жанашырлығының жарқын көрінісі. Тротуар жұмыстары осы айдың соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда. Жөндеуден өткеннен кейін саябақ тұрғындардың тынығып, серуендейтін сүйікті орнына айналады деген сенім бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1015517?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді