
Алматы облысында «Орталық Азия – Қытай» мемлекет басшыларының саммиті қарсаңында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында маусымның 10-12 күндері аралығында Республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның басты мақсаты –қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда заң бұзушылықтың жолын кесу. Осы шара аясында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандармен және есепте тұрған тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
– Осы іс-шара арқылы біз құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға тырысамыз. Халықтың тәртіпке, заңға деген құрметі артса, қоғамда қауіпсіздік деңгейі де жоғарылайды, –деді Алматы облыстық полиция департаменті, жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Қалиасқаров.
Барша азаматты қоғамдық тәртіпті сақтауға, заң талаптарын қатаң сақтап, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамыз. Әр адамның құқықтық жауапкершілігі – жалпы қоғамның тыныштығы мен тұрақтылғынң кепілі екенін еске саламыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1015641?lang=kk
Жауап қалдыру