
Асқаров Альберт Мұхтарұлы – эпидемиология және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санатты дәрігер. 1958 жылы 10 мамырда Мәскеуде дүниеге келген. 1981 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын “гигиена, санитария, эпидемиология” мамандығы бойынша бітірген.
ҚР ДСМ Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары мен эпидемиологиялық басқармасының бастығын қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық қызметте әртүрлі лауазымдарда көп жыл еңбек еткен. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығын басқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің грамотасымен, ҚР Үкіметі мен денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларымен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1015373?lang=kk

Жауап қалдыру