Астанада нарко-граффити белсенді түрде боялып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

   Елордада нашақорлықты насихаттауға қарсы бағытталған нақты жұмыстар жалғасуда.

   «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы және «Жас үміт» жобасы аясында тек соңғы аптада 400-ден астам тыйым салынған заттарды жарнамалайтын жазулар анықталып, боялды.

    Есірткі граффитилері — бұл есірткі айналымына қатысы бар интернет-ресурстардың мекенжайларын таратудың бір тәсілі. Мұндай жазбалар көбінесе тұрғын үйлердің қабырғаларында, қоршауларда, трансформаторлық жәшіктерде және басқа да қоғамдық орындарда кездеседі.

   Аталған жұмыс полиция, аудан әкімдіктері, сондай-ақ «Астана Жастары» еріктілер ұйымымен бірлесіп жүргізілуде.

   Сонымен қатар, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Мақсұт Нәрікбаев Университетінің студенттері де белсенді қатысуда.

   «Нашақорлықты насихаттауға қарсы күрес – бұл ортақ міндет. Бірлескен күшпен қаланы тазартып, тұрғындарды қауіпті әсерден қорғап жатырмыз. «Жас үміт» жобасы бәрімізге қажет, проблемаға қарсы бірігуге көмектесетін бастама», – деп ЕҰУ студенттерінің бірі атап өтті.

   Астана қаласының прокуратурасы – есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгені жөнінде ескертеді.

 Астана қаласының прокуратурасы

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1015051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді