Азаматтарды қабылдау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін мәслихат депутаты Баянды Сахарияұлы Қосшы қаласының әкімдігімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.
 
Қабылдау барысында тұрғындар кәсіпкерлікті дамыту, көшеге атау беру, қала құрылысы, жол құрылысы сияқты қала тіршілігі үшін өзекті сауалдарын қойып, жауап алды. Әкімдік өкілдері жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ атқарылуы тиісті жұмыстар жайлы жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
 
••• Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1015361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді