
2025 жылғы 29 мамырда 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында әкім аппараты, Қоғамдық келісім кеңесі және «Шахтинск қ. ҚЗҚ» ҚБ бірлесіп мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді. Балалар және олардың отбасы мүшелері Қарағанды қаласындағы музыкалық комедия театры мен Зоологиялық баққа барды.
Акцияны ұйымдастыруға белсенді қатысқандары үшін:
«Қарағанды мемлекеттік зоологиялық паркі» КМҚК басшысы Г. Ж. Адамбековаға, Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрының басшысы А. Т Ибраевқа, «№3 Автобус паркі» ЖШС директоры А. М. Григорянға, “Шахтинск қ. ҚЗҚ» ҚБ өкілі И. С. Поздняковаға алғысын білдіреді.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында балалар қуаныш пен жағымды эмоцияларға бөленіп, шынайы мейірім мен көңіл бөлуді сезінді.
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/1015382?lang=kk

Жауап қалдыру