Батыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы биыл жалпы ұзындығы 144 шақырым болатын каналды тазалап, 28 нысанды жөндеуді жоспарлап отыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы биыл жалпы ұзындығы 144 шақырым болатын каналды тазалап, 28 нысанды жөндеуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, 4 гидротехникалық нысанға көпфакторлы зерттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда Жайық–Көшім суару жүйесінің каскадты су қоймалары мен 7 магистральдық каналын қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ал Жәнібек суару жүйесін жаңартуға қатысты жобалау-сметалық құжат мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1015618?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді