БЖЗҚ-ның “Мобильді кеңсесі” ауыл-аймақ тұрғындарына зейнетақы қызметтерін алуды жеңілдетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Мобильді кеңсе” деген не?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры “Мобильді кеңсе” жобасын 2018 жылы қолға алды. Бұл – көлікке орналастырылған шағын кеңсе. БЖЗҚ мамандары ноутбук, жоғары жылдамдықты интернет, принтер, Қор базасы сияқты түрлі қажет құрылғымен жабдықталған шағын автобуспен елді мекендерді аралап, тұрғындарға арнайы қызмет көрсетеді.

Қандай қызметтер ұсынылады?
“Мобильді кеңсенің” облыс, аудан орталықтарында орын тепкен БЖЗҚ-ның кәдімгі бөлімшелерінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Дәл сол кеңселерде көрсетілетін қызметтердің барлығын ұсынады:

– Зейнетақы, инвестиция портфеліне қатысты кеңестер береді;
– Жеке кабинет арқылы электрондық қызмет алуға көмектеседі;
– Жеке деректерді өңдеп немесе өзгерту мүмкіндігі бар;
– Қажет құжаттарды, анықтамаларды шығарып алу және басқа да қызмет түрлері көрсетіледі.
“Мобильді кеңсе” қызметі алыс аудандар мен Қор бөлімшесі жоқ аймақ тұрғындары, әсіресе, қалаға баруға уақыт таппай жүрген немесе мүмкіндігі шектеулі адамдар, интернеті жоқ немесе оны қолдануда қиындық көретін адамдар үшін өте ыңғайлы.

Қай ауыл-аймаққа барады?
“Мобильді кеңсенің” әр сапары алдын ала жоспарланады. Қай күні, қай ауылға баратыны жергілікті әкімдікпен келісіліп, тұрғындарға алдын ала хабарланады. Кеңсе таңғы 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл ауыл тұрғындарына ыңғайлы болса, БЖЗҚ мамандары үшін әр адаммен тікелей байланыс орнатудың таптырмас жолы.

“Мобильді кеңсе” еліміздің 13 өңірінде жұмыс істейді. Жоба іске қосылған 6 жылдан астам уақыт ішінде БЖЗҚ мамандары 5100 елдімекенге барып, 616 000 адамға қызмет көрсетіп үлгерді. Қор қызметіне, зейнетақы жүйесіне қатысты 213 000 ақпараттық таныстырылым өткізілді. Оған 5,3 миллион адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1015590?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді