
eGov Mobile қосымшасында қамқоршыларға арналған жаңа цифрлық құжат қолжетімді!
eGov Mobile мобильді қосымшасында 18 жасқа толған қамқорлықтағы азаматтар мен олардың қамқоршылары туралы мәліметтері бар цифрлық құжат пайда болды. Құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде қалыптасады — онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы тұлғалар есепке алынған.
Құжатта келесі ақпарат көрсетіледі:
– Қамқоршы мен қамқорлықтағы адамның ЖСН мен ТАӘ
– Олардың туған күні
– Қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні
– «Жарамды күні» туралы ақпарат
Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.
Толығырақ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-chistopolye/press/news/details/1015705?lang=kk
Жауап қалдыру