Глубокое ауданында «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өткізіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті аудан тұрғындары!

Глубокое ауданында «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңі өткізіледі.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап 1 ай мерзім ішінде, қағаз немесе электрондық нұсқада мынадай құжаттармен қоса беріледі:

  1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  2. асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
  3. неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
  4. ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  5. балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  6. заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
  7. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  8. қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
  9. дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түп нұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

Бейнені 2 минуттан артық дайындай аласыз.

Құжаттар 15 мамыр-15 маусым аралығында мына мекен жай бойынша қабылданады:
Глубокое кенті, Поповича көшесі, 11 А үй, 23 кабинет.

«Глубокое ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ
Анықтама телефондары: 22-480, 2-11-85

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1015535?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді