«Халық аралық Архивтер Күні».

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 09 маусымда “Сарыкөл Өңірлік мемлекеттік мұрағаты” КММ-нің филиалында Халықаралық мұрағаттар күніне орайластырылған “Ашық есік күні” өтті. Іс-шара барысында архив қоймасы бойынша шолу экскурсиясы, “Халықаралық Архивтер күнін құру туралы”дәрісі өткізілді,фотоқұжаттық көрмелер, жеке текті қорлар ұсынылды. Архивистер келушілерді оқу залындағы жұмыстармен, архивтерді жинақтаумен, құжаттарды цифрландырумен, “ЕЭАД” АЖ-не мәліметтер енгізумен, “Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру “мемлекеттік қызмет көрсетумен таныстырды. Ашық есік күні Сарыкөл мұрағатының 02.04.2025 жылғы басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1015709?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді