Халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жарияланды:

Автор:

категорияда

✅️Мектептерде дұрыс тамақтану. 2025 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін мектепте тамақтанудың жаңа стандартын бекітті. Стандарт балаларды дұрыс тамақтанудың халықаралық талаптарын ескере отырып, қауіпсіз, сапалы және теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз етуге бағытталған.
✅️Өнімнің қауіпсіздігін бақылау. 4 айда 5382 өнім сынамасы тексерілді, 27,3%-ы негізінен таңбалауының бұзылуына байланысты талаптарға сәйкес келмеді. Бұзушылық фактілері бойынша 421 ден қою шарасы қабылданды, 2900 кг-нан астам сәйкес келмейтін өнім тәркіленді. ЕАЭО-ға Ресей мен Қырғызстан өнімдерінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарламалар жіберілді. Өнімнің сәйкестігі туралы 10 декларацияның қолданысы тоқтатылды. Интернетте биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) заңсыз орналастыру анықталып, алынып тасталды (Instagram-ның 6 беті жойылды).
Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламент бекітіліп, қолданысқа енгізілді. ББҚ-ны сәйкестендіру құралдарымен таңбалау бойынша пилоттық жоба басталды.
✅️Адамның тіршілік ету ортасы мен денсаулығына әсер ететін объектілерді бақылау. Тарихи қалыптасқан объектілердің санитариялық-қорғау аймақтарын халыққа қауіп туғызбай қысқарту үшін «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына түзетулер енгізілді.
Кәсіптік ауруларға байланысты сын-қатерлерге жедел ден қою үшін жағдайлар жасалған. Еңбек медицинасы мен кәсіптік патологияны жетілдіру бойынша 2025 – 2027 жылдарға арналған жол картасы бекітілді.
✅️Инфекциялық сырқаттанушылықтың алдын алу, елді мекендер аумақтарының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ азаматтардың көптеген ұсыныстарын ескере отырып, контейнерлік алаңдар мен оларға қызмет көрсететін ұйымдар ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес тексерілуі тиіс бақылаудағы объектілер тізбесіне енгізілді.
Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қоршаған ортаның жай-күйі мен халықтың инфекциялық сырқаттанушылығы арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау әдістеріне оқытылды.
☝️Бұл жұмыс инфекциялық емес сырқаттанушылықты азайту мақсатында профилактика шараларын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1015452?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді