
2025 жылғы 9 маусымда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Н. Жаңабаев Махамбет ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау майоры Тулегенов Бакытбек Калибаевичты тағайындады.
Тулегенов Бакытбек Калибаевич Атырау облысы Қызылқоға ауданында 1988 жылы 3 ақпанда дүниеге келген. 2018 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы әскери бөлімде бастаған. Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 2009 жылы өрт сөндіруші лауазымынан бастады. Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 16 жылды құрайды. Бұған дейін Б. Тулегенов Қызылқоға ауданы ТЖБ бастығының қызметін атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1015457?lang=kk
Жауап қалдыру