
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына арналған семинар өткізілді. Іс-шара әдеп жөніндегі өкілдің үлгілік жоспарына сәйкес, заңнамалық шектеулер мен тыйымдарды сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Семинарды басшының орынбасары — әдеп жөніндегі өкіл Давлетьярова Баян Кабдрасиловна жүзеге асырды.
Семинарға арнайы Астана қаласы әкімдігінің «Qamqor Astana» қоғамдық қорының теологы Арман Нұрахметұлы және қордың маманы Марлен Айдарқұл шақырылды, олар дін саласына қатысты маңызды мәселелерді қозғады.
Семинар барысында келесі мәселелер кеңінен қарастырылды:
- Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары;
- Дәстүрлі ислам құндылықтары;
- Деструктивті діни ағымдардың белгілері;
- ҚР тыйым салынған шетелдік ұйымдардың тізімі;
- Зайырлылық қағидаттары және олардың қоғамдағы орны.
Іс-шара барысында сотталған азаматтың экстремистік идеялардың ықпалына қалай түскені және деструктивті діни ағымдарға не себеп болғаны туралы сұхбатының видеосы көрсетілді. Бұл радикалдықтың салдарын және дер кезінде алдын алу шараларының маңыздылығын айқын жеткізді.
Лекторлар діни сауаттылықты арттырудың, дәстүрлі ислам мен зайырлы мемлекет принциптерін түсіндірудің маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар төңірегінде ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша нақты түсіндірмелер берілді.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдар қызметіне араласуының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізуде маңызды рөл атқарып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1015666?lang=kk
Жауап қалдыру