
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент басшысы Юрий Залыгиннің төрағалығымен ZOOM режимінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңесте білім беру және тәрбие ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету, Облыстың балалар сауықтыру ұйымдарын жазғы маусымға дайындаудың проблемалық мәселелері талқыланды, объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын жою және білім беру және тәрбиелеу объектілерін нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы өткізілуіне бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.
Департаменттің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Майра Белгібаева семинар-кеңеске қатысушыларға білім беру ұйымдарында тамақтану стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ұйымдастырған бір күндік семинарының материалдарымен таныстырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1015170?lang=kk

Жауап қалдыру