
Гемопоэтикалық бағаналы жасушаларды (ГБЖ) трансплантациялау еліміздің жетекші педиатриялық орталықтарында алғаш рет жүргізілген кезден бастап Қазақстанда барлығы 515 трансплантация жасалды, оның ішінде:
• 230 аллогенді,
• 205 аутологті,
• 80 гаплоиденттік трансплантация.
2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан-Ресей гистотиптелген донорлар тіркелімінің кеңеюінің нәтижесінде туыстық емес аллогенді трансплантациялардың саны артып келеді. Қазіргі таңда тіркелімде 12 000-нан астам донор тіркелген, олардың 13-і қазақстандық балаларға донор болған. Сондай-ақ Германия, Ресей және Польша донорларының қатысуымен 28 трансплантация жүргізілді.
Ортопедиялық онкология саласында да оң динамика байқалады: елімізде сүйек ісіктері бар балаларға буындарды эндопротездеу табысты жүзеге асырылуда. Бұл ретте 3D-модельдеу технологиясы және кіші жастағы балаларға арналған «өсетін» протездерді орнату әдістері енгізілуде.
Сонымен қатар, әрі қарай дамытуды қажет ететін маңызды бағыттар мыналар:
• онкогематологиялық аурулардан кейін балаларға көрсетілетін кешенді оңалту көмегі,
• ауыр әрі ота жасауға келмейтін қатерлі ісіктері бар пациенттерге арналған балаларға паллиативтік көмек жүйесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/press/news/details/1015533?lang=kk
Жауап қалдыру