
Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласына қарасты ішкі көшелерге жүргізіліп жатқан күтіп – ұстау жұмыстарының барысын арнайы аралап, тексерді.
Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне қарасты аудандық маңызы бар жолдардың және Сарыағаш қаласының ішкі көшелерін күтіп-ұстау жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мердігер тарапынан асфальт жамылғысымен жамау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыс көлеміне:асфальт жамылғысын фрезерлеу, жол жамылғысын жамау, жол жамылғысын тегістеу темір қоршаулар мен жол белгілерін орнату қарастырылған.
– Жолдың сапасы басты назарда. Тиісті мекемелер тарапынан кемшіліктер анықталса, жауапты басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын ескертемін. Жұмысты жандандырыңыздар– деді Арман Абдуллаев нысанды аралау барысында. Мердігер мекеме және тиісті бөлім басшысына мемлекет тарапынан бөлінген қаржының уақтылы игерілуін, жасалып жатқан жұмыстың сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.
Айта кетсек, Сарыағаш қаласы және ауылдық округ тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстарға және аудандық ішкі істер басқармасының нұсқамасына сәйкес қазіргі таңда, аудан аумағына 228 жол белгілері, атап айтқанда:Самал мөлтек ауданына – 171 дана, Телемұнара – 12 дана, «Қабланбек» кеден бекеті аумағына – 28, Рамадан каналы бойына – 17 дана оған қоса, Қызылжар ауылдық округі №75 Ж.Жабаев мектебі алдына 1 дана, Сарыағаш қаласына қарасты Байтерек көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлер аумағына 1 дана жасанды жол кедергілері орнатылған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1014972?lang=kk

Жауап қалдыру