«Тазалық сақшыларының» кезекті жеңісі: Шымкентте нашақорлықты насихаттаған адам ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының прокуратурасы «Таза Қазақстан» акциясы және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыруда.

Бұл жұмыстың маңызды элементі жуырда құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен жалпықалалық сенбілік болды. Тұрғын үйлердің бірін тазалау барысында тазалықты ғана емес, құқық бұзушылықтарды да анықтауға бағытталды.

Сенбілік барысында «Тазалық сақшылары» ұқыптылық танытып, есірткі заттарын насихаттайтын жазуларды анықтады. Олардың жедел әрекет етуінің нәтижесінде құқық бұзушылық туралы ақпарат бірден полицияға хабарланды.

Прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері тыйым салынған материалдарды таратуға қатысы бар азаматты ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы (есірткі заттарын насихаттау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Тазалық сақшылары» – бұл құқық қорғау органдарына нақты қолдау.

Шымкент қаласының прокуратурасы қала тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырады. Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп мәселелері – бұл ортақ жауапкершілік. Қаламыздың таза және қауіпсіз болуы біздің қырағылығымыз бен белсенділігімізге байланысты.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1015301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді