Теміртауда жасөспірімдер қозғалыстағы көлік артына жабысып, жолда өмірлерін қатерге тікті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теміртауда жасөспірімдер қозғалыстағы көлік артына жабысып, жолда өмірлерін қатерге тікті

Әлеуметтік желілерде Теміртауда түсірілген видео тарады. Онда үш жасөспірімнің жол бойында кетіп бара жатқан «ГАЗель» көлігіне жармасып, мініп бара жатқаны бейнеленген. Бұл әрекет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу ғана емес, сонымен қатар балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірді. Бейнежазба желі қолданушылары арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері шұғыл шара қабылдады. Тексеру нәтижесінде видеоға түскен балалардың тұлғалары анықталды -олардың барлығы 10-11 жас аралығындағы мектеп оқушылары екені белгілі болды. Жасөспірімдер Теміртау қалалық полиция басқармасының Ескіқалалық полиция бөліміне жеткізілді. Олардың ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша («Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар, материалдар кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданып, түсіндірме-профилактикалық әңгіме жүргізілетін болады. Ал балалардың өздері мектепішілік есепке алынады. Полиция департаменті ата-аналарды балалардың бос уақытын қадағалап, олармен қауіпсіздік ережелері жайында тұрақты түрде әңгімелесуге шақырады. Мұндай оқиғалар салғырт тәрбиенің салдарынан орын алып жататынын ескеру маңызды. Баланың өмірі -ең басты құндылық, оны сақтау-баршамыздың ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1015228?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді