ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ – ТАЗАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Тазалық – иманның жартысы. Бүгінде табиғатты аялау, тұрғындарды ауланы таза ұстауға шақыру мақсатында тазалық шаралары әсіресе ауылдық округтерде жиі қолға алынып келеді.

🔰Осы орайда, Түркістан ауылдық округінде экологиялық волонтерлік бағыт аясында ‘Таза Қазақстан’ акциясы өткізілді.

🔰Тазалық жұмыстары барысында волонтерлер қоғамдық жұмысшылармен бірлесіп елді мекен аумағында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

🔰Сондай – ақ, ауыл жастары “Ақмолда” мешітінің аумағын тазалап, ішінің шандарын сүртіп, шөптерін шауып, қоқыстарды жинады. Шара соңында ауыл ақсақалдары жастарға алғыстарын білдіріп, олардың мұндай игі істерге жиі қатысуын тіледі.

🔰Тазалыққа ден қойған Түркістан ауылдық округінің жастары осылайша акцияға белсенділік танытуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1015049?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді