“TURKISTAN MEDIA HOLDING” ЖШС-НА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Turkistan” телеарнасының бас директоры қызметіне Уәли Қыдыр Сағындықұлы тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев таныстырды.

Уәли Қыдыр 1975 жылы 21 қаңтарда Түркістан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 2000 жылдардан бастап ақпарат саласында елеулі еңбек етіп келе жатқан ол түрлі басылымдар мен телеарналарда басшылық қызметтерді атқарған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/1015765?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді