
«Қазақстан инжиниринг» және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компанияларында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында үйлесімді тіл саясатын жүргізуге бағытталған кездесулер өтті.
Кездесулерде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілдері және «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары Тіл тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылып жатқан іс-шаралар мен цифрлық инновациялық жобаларды таныстырды.
Үкіметтік емес ұйым тарапынан Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры А. Шәуеев қатысып, қоғамдық ұйым әзірлеген жобалар бойынша баяндама жасады.
Ұлттық компания өкілдерімен тіл үйрету әдістемесін жетілдіру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1015579?lang=kk
Жауап қалдыру