«Ветеринарлық зертханадағы комплаенс-қызметі және ішкі талдау»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасы басшысының орынбасары Б.Өмірбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Республикалық ветеринариялық зертхана ШЖҚ РМК-да «Комплаенс-қызметтердің қызметін түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу практикасы» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар аясында ұйымның комплаенс-офицерінің қызметін жүзеге асыру бойынша әдіснамалық көмек көрсетілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін практикалық кейстер қаралды.

Сонымен қатар, семинар барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметі туралы ақпарат алып, сыбайлас жемқорлықтың түрлі көріністерімен және түрлерімен танысты. Нақты мысалдар қарастырылып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл тетіктері түсіндірілді.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетілді. Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің колл-орталығының жұмысы туралы 1424 нөмірі бойынша айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/1015506?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді