
10 маусым — Ювеналды полиция қызметкерлері күніне орай, Жастар саясаты басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиевтің қатысуымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлармен кездесу өтті.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың тәрбиесі мен дамуындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ осы бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Жиын соңында өз кәсібіне адалдық танытып, жасөспірімдермен жұмыс барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік инспекторлар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ювеналды полиция қызметкерлеріне жастардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қосып отырған өлшеусіз еңбектері үшін зор алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zhastar1/press/news/details/1015670?lang=kk
Жауап қалдыру