
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралатын болады:
- Аудандық мәслихатының 35 кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
- Есеп комиссиясын сайлау туралы
- Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 28 ақпандағы № 17/158 «Осакаров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін округтеріне келген 2024 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» шешімінің орындалу барысы туралы
- Осакаров ауданының 2024 жылғы бюджетінің орындалуы туралы есеп.
- 2024 жылғы кенттер, ауылдық округтер бюджетінің атқарылуы туралы есеп.
- 2024 жылғы Осакаров ауданының бюджетінің атқарылуы туралы Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебін (қорытындысын) бекіту туралы.
- 2024 жылғы Осакаров ауданының кенттері, ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясының есебін (қорытындысын) бекіту туралы.
- Құндызды, Жансары, Шідерті, Сұңқар, Қарағайлы, Сарыөзек, Нияз, Жұлдыз ауылдық округ әкімдеріне 2024 жылға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері.
- Аудандықмәслихаттың2014жылғы05наурыздағы№273«Осакаровауданыныңаумағында медициналық қызметтерге теңқолжетімділіктіқамтамасыз ету, медициналыққызметтердіңсапасынарттырутуралы» шешімініңорындалубарысытуралы
- Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 25 ақпандағы № 416 «Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау туралы» шешімінің орындалу барысы туралы
- Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 5 ақпандағы № 16/153 «Осакаров ауданының жерлерін басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы» шешімінің орындалу барысы туралы
- Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Сұңқар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 13/128 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Бірлік» депутаттық топты тіркеу туралы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-osakarovka/press/news/details/1016160?lang=kk
Жауап қалдыру