4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 4 маусым-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.

Мемлекеттік рәміздер – Көк Ту, Елтаңба және Әнұран, мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусымда Қазақстанда мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға жоғары мәртебе беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-din/press/news/details/1012458?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді